Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ЖЕТІСАЙ ПРОКУРОРЛАРЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫН АНЫҚТАДЫ

26 июля, 2020
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ ПРОКУРОРЛАРЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫН АНЫҚТАДЫ
0
SHARES
58
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арнайы жүргізілген рейд барысында ережелер мен талаптары сақталмаған орындарда рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектерді сату, бекітілген шектік бағадан қымбаттату фактілері анықталды деп хабарлайды qaraqalamnews.com ақпарат агенттігі.

Дəрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілері бойынша шара қолдану жəне кінəлі тұлғаларды заңмен белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту, сондай-ақ, мүдделі органдардың қызметін үйлестіру бағытында Жетісай ауданы прокуратурасы қадағалау аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда, дəріханалар мен басқа да орындарда алыпсатарлық, арнайы рұқсатсыз заңсыз кəсіпкерлік қызметпен айналысу фактілерін анықтау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен біргелікте рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Нәтижесінде, сұранысы аса жоғары препараттарды дəріханалардан тыс жерде (жаймада) сату, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберу, Қазақстан Республикасында тіркелмеген жəне сатуға рұқсат етілмеген, науқастарға тегін берілуге жататын дəрілерді сату, арнайы рұқсатсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу, мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сату фактілері анықталды.
Жетісай аудандық жергілікті полиция қызметкерлерімен біргелікте жедел іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Жетісай қаласы, А.Яссауи көшесі, №118А үй тұрғыны 08.10.1970 ж.т. Турекулова Акмарал Адиловна Жетісай қаласында орналасқан “Күлпаршын” базарында жеке гигиеналық заттарды сата отырып, дәрілік заттарды жасырын түрде қосымша сатқан және бұл фармацевтикалық қызметті арнайы рұқсатсыз жүзеге асырған.
Бұл ретте, сол кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінің 13 бабында көзделген Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады деген талабы өрескел бұзылған.
Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты, лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 424 бабының 1 бөлігінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
А.Турекуловадан заңсыз сатылып жатқан атауы әр түрлі жалпы соммасы 118 234,9 теңгені құрайтын 94 дәрі-дәрмек, оның ішінде мерзімі өтіп кеткен атауы әр түрлі 21 дәрі-дәрмек, Қазақстан Республикасында тіркелмеген 9 дәрілік зат, Сарыағаш АОА, РГУ «Военный лазарет поселок Сарыозек» тиесілі науқастарға тегін берілуге жататын “тегін” деген мөр басылған (Фармазалин 10 мг — 4 қорап, Энкорат Хроно 500 3-қорап және Аторис 10 мг — 30 таблеткалар) 3 дәрілік зат, заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Бұл дәрі-дәрмектердің барлығының сақтау тәртібі бұзылған, себебі, Күлпаршын базарында сақтау тәртібі сақталмай, жаймада сатылған.
Мұнан да басқа рейдтік шара бпрысында бекітілген шектік бағадан қымбат сату мен Өзбекстан Республикасынан әкелінген дексематазон, Аскарбин қышқылы, МР Цианокобаламин (Витамин В 12), Ацетилсалициловая кислота, Тиамин, МR Аналгин, Димедролин, Алоэ Экстракт жидкий, Новакаин прокаин және Натрий тиосульфаты, Қазақстанда тіркелмеген Иммуномодулин, Цианокобаламин, Пиродоксин, Канамицин, Фуросемид, Интерферон, Оксолин, Аскорбиновая Кислота және Парацетамол-ЛекТ сынды дәрілік заттарды сату фактілері анықталған. Бұл бойынша да ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
“Орын алған заң бұзушылық фактілер бойынша заңда белгіленген тәртіп пен шектерде тиісті шаралар көрілетін болады” дейді Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 1 АЛҚАПТАН 3 ӨНІМ АЛУ ЖОБАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙ ШАРУАЛАРЫ ӨНІМДЕРІН ШЕТ ЕЛ АСЫРУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі