Шардара аудандық орталық емханасының дәрігерлерінің айтуынша, тәулігіне 70-80 қоңырау түсетін мобильдік топқа бүгінгі таңда 20-25 қоңырау ғана келеді екен. Дегенмен, ақ халаттылар тұрғындарға сақтық шараларын бәсеңсітпеуді ескертеді.. Каронавирус індетін жұқтырғандар саны азайғаныменен вирусты толық жеңгеніміз жоқ. Тұрғындар сақтық шараларыменен өз-өздерін оқшаулағаны абзал, дейді Шардара ауданының ақхалаттылары. Ауданда 1900 астам науқас лабороториялық тексеруден өтсе, оның жетеуі оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, өкпе қабынуы бойынша 43 науқас ем қабылдауда.Өзін нашар сезінген Шарайна Төлебекова дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Бірден лабороториялық тексерістен өткен науқастың өкпе қабынғаны анықталған. 10 күн бойы дәрігелерлер тоқтаусыз ем жүргізіп бүгінде оның денсаулығы жақсарған.Індеттің алдан-алу барысында ақхалатты жандардың еңбегі орасан. Тіпті сол вирусты жеңеміз деп өздері де індеті жұқтырпып алып жатқаны баршаға аян. Қарапайым халық сақтық шараларына мейлінше ұқыптылықпен қарап жүрсе бұл індеттен айығарымыз анық.