Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 42 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

3 августа, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 42 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында жыл соңына дейін 42 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 7 қабатты 24 тұрғын үй қыркүйек-қазан айларында ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан бұл үйлердің құрылысы уақытылы, әрі сапалы салынуы үшін жауапты мамандар бекітіліп, күн сайынғы мониторинг жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы 1, 2 және 3 бөлмеден тұратын 1452 пәтердің құрылысына 634 жұмысшы, 33 техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда мұнда жабын плитасын орнату, қабырғасын қалау, электр және сантехника, ішкі сылақ, қасбет (фасад) жұмыстары істеліп жатыр. Заманауи үйлгіде салынып жатқан ғимаратта талапқа сай барлық сапалы коммуналдық қызметтер қарастырылған. Бұл үйлерде жылыту жүйесі автономды режимде жұмыс істейтін болады. Яғни, әр пәтер иесі жылу жүйесін өзі қосып, өшіріп басқарады. Айта кетейік, бой көтеріп кележатқан 1452 пәтердің 450-і аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ал 1002 пәтері кредиттік тұрғын үй, яғни банкте кезекте тұрған салымшыларға берілетін болады.
Ал, қалған 18 үй, яғни 12 қабатты 10 үй мен 5 қабатты 8 үй жыл соңына дейін жеке инвестиция тарапынан салынып, пайдалануға берілетін болады.
Одан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталықта 12 қабатты 45 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. 2021 жылы аяқталатын үйлер құрылысында 13 мердігер (жұмысшы саны — 280, техника саны — 35) тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, 2021 жылы аяқталатын 7 қабатты 15 және 9 қабатты 5 үйдің де құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Алдыңғы жаңалық

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 10 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі