Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

МАҚТААРАЛДА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

4 августа, 2020
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
МАҚТААРАЛДА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сардаба» су қоймасы апатқа ұшырағаннан соң Мақтаарал ауданында су басу қаупі туындаған 13 елді мекеннің тұрғындарын эвакуациялау туралы аудан әкімі Бақыт Асанов шешім қабылдап, жалпы саны 30 мыңнан асатын халық бір түннің ішінде көшірілді. Оның ішінде тұрғындарының саны 15 мыңға жететін аудан орталығы Мырзакент кенті де бар.
Осылайша Мырзакенттен Атакентке қарай үдере көшкен тұрғындарды жайғастыру үшін Атакент кенті, Мақтаарал және Жамбыл ауылдық округтерінде жалпы саны 10 мың адамды қабылдай алатын 24 эвакуациялық бекеттер дер кезінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қосымша Жетісай қаласынан 3 эвакуациялық бекет ашылып, тұрғындар жаппай орналастырылды.
Эвакуациялық бекеттерді паналаушылар төсек орындармен және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оларға Қазақстанның түрлі облыстарынан келген және жергілікті жердің кәсіпкерлері тарапынан түрлі көмектер берілді. Мектеп жасындағы оқушылардың сабағы да ұйымдастырылды. Сондай-ақ, судан жапа шекке тұрғындардың көңілдерін аулау мақсатында түрлі мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, психологтар тынбай жұмыс істеді. Ең бастысы, бекеттерде карантин режимі толықтай сақталды.
Кейіннен су баспаған елді мекендердің тұрғындары өз үйлеріне қайтарылды. Ал, су басқан елді мекендердің тұрғындары Төтенше жағдайдың жойылуына байланысты үйлерін қайта тұрғызу үшін ауласындағы тапчан немесе уақытша баспаналарды паналауда. Сондай-ақ, көрші елді мекендерден пәтер жалға алып, туысқандарының үйін паналап жатқан отбасылар да бар.
Осының әсерінен бүгінде ауданда 24 эвакуациялық бекеттің 5-еуі ғана қалып отыр. Мұнда жалпы саны 341 азамат күн кешуде. Олар негізінен Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендерінің тұрғындары.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

ШАРДАРАДАҒЫ ТҮНГІ РЕЙД

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі