Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

8 августа, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
МАҚТААРАЛДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
126
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов құрылысшыларды төл мерекелерімен құттықтап, алғыс заттармен марапаттады деп хабарлайды qaraqalamnews.com ақпарат агенттігі.

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы – адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық болғандықтан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тамыз айының екiншi жексенбiсiн «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жарияланған болатын.
Міне, осы бір қиын да мәртебелі мамандық иелерін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов айтулы кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
«Бүгінде ақ алтынның отаны саналатын Мақтаарал ауданы жыл сайын көркейіп, жер-жерлерде биік-биік үйлер, ғимараттар бой түзеп келеді. Бұл үйлерде, бiлiм нысандарында, пайдалануға берiлген барлық нысандарда – бәрiнде құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Сондықтан, құрылысшы еңбегi қашан да құрметке лайық! Барлық құрылысшы мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтап, ел экономикасының дамып, көркеюіне қосқан үлестерінің жемісін көре берсін деп тілеймін» деген Бақыт Насырханұлы «Сардобаның» суы шайған аймақтарды қалпына келтіруде күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жүрген құрылысшыларға алғысын білдірді.
Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы. Кез-келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты болғандықтан мемлекет басшысының қолдауымен бүгінде Мақтааралдың құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалып отыр.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ПРОВИЗОРЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРЫНДАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі