Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ЖЕТІСАЙДА COVID19 ІНДЕТІМЕН ТІРКЕЛГЕН ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК АМАН-ЕСЕН БОСАНДЫ

14 августа, 2020
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
ЖЕТІСАЙДА COVID19 ІНДЕТІМЕН ТІРКЕЛГЕН ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК АМАН-ЕСЕН БОСАНДЫ
0
SHARES
116
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Covid19 пандемиясымен бақылауда тұрған 21 жасар мақтааралдық жүкті келіншек «Жетісай» аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің көмегімен өмірге дені сау перзент әкелді деп хабарлайды qaraqalamnews.com.

Жетісайлық дәрігерлер үшін бүгінгі күн ерекше есте қалар күн болды. Өйткені, бүгін ауданның ақ халаттылары тәжірибелерінде тұңғыш рет covid19 індетіне шалдыққан жүкті келіншекті аман-есен босандырып алды.
13 тамыз күні 1999 жылғы Мақтаарал ауданының тұрғыны жүктілік кезеңінің 39 апталығында «Жетісай» аудандық орталық ауруханасына қағанақ суының кетуімен келіп түскен. Аурухана дәрігерлерінің дер кезінде жасаған қажетті ем-домдары мен күтімінің арқасында жүкті келіншек бүгін, яғни, 14 тамыз күні таңғы сағат 07:30 шамасында дені сау ұл баланы өмірге алып келді. Слмағы 3,2 келі.
«Келіншектің бұл тұңғыш сәбиі. Есепке алынып, үй жағдайында бақылауда тұратын келіншектің жағдайына қарай әрекет жасап, аман-есен босандырып алдық. Қазірде сәбидің де, анасының да жағдайы қанағаттанарлық» дейді «Жетісай» аудандық ауруханасының перзентхана бөлімі меңгерушісі Айнагүл Әміреева.
Әлемдік деңгейде қауіп төндіріп, адамзат баласының алдын ораған ауруға байланысты жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік режимге қарамастан дәрігерлердің кәсібилігінің нәтижесінде жыл басынан бері Жетісай перзентханасында 2800 сәби дүниеге келген. Олардың 50-і егіз болса, 400-ге жуығы ота арқылы туылған. Бүгінде бәрінің денсаулығы жақсы.
Айта кетейік, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен наурыз айында «Жетісай» аудандық орталық ауруханасында Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Шардара және Жетісай аудандарына арналған 100 орындық инфекциялық госпиталь құрылған болатын. Бүгінде covid19 пандемиясына шалдығушылар санының төмендеуіне байланысты 20 төсек-орын қалдырылған.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі