Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА 110 ПЛАНШЕТ ТАБЫСТАЛДЫ

26 августа, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА 110 ПЛАНШЕТ ТАБЫСТАЛДЫ
0
SHARES
43
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Мақтаарал ауданына «Білім-Инновация» лицейлерінің ата-аналары мен түлектері «Біз біргеміз!» акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті оқушыларға сыйға тартты деп хабарлайды qaraqalamnews.com тілшісі.
Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты бүгінгі таңда мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту маңызды. Дегенмен, ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар, смартфондар мен планшеттердің қажеттілігі байқалуда. «Білім-Инновация» лицейлерінің негізгі қызметі білім саласы болғандықтан, еліміздегі жағдай ескеріліп су тасқынынан зардап шеккен және аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттерді табыстады.
«Елімізде қандай қиын жағдай болмасын, ұрпағымызға сапалы білім беруді жалғастыру керекпіз. Бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін өте өзекті. Міне, су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық оқушылардың білім алуына жағдай жасап, үлкен көмек беріп жатқан «Білім-Инновация» қоры мен лицейлеріне аудан жұртшылығы атынан өз алғысымды білдіремін!», – деді аудан әкімі Бақыт Асанов.
Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасы «Білім-Инновация» қоры мен лицейлерінің алғашқысы емес. Бұған дейін қор 100 оттегі концентратын еліміздің барлық аймағындағы облыстық ауруханаларға жеткізген.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН 4 БІРДЕЙ ШАРУАШЫЛЫҚ АЙНАЛЫСУДА

Келесі жаңалық

АУЫЛ МҰРАЖАЙЫНДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі