Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: МАНКЕНТТЕГІ МӘНДІ ІСТЕР

26 августа, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САЙРАМ: МАНКЕНТТЕГІ МӘНДІ ІСТЕР
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Манкент ауылының тұрғыны ағайынды Хасан, Хусан Расулметовтер 1,70 гектар жер телімін ағаш көшеттерін жетілдіру кәсібіне арнаған. Аталған шаруа қожалығына Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков арнайы барды деп хабарлайды qaraqalamnews.com сайтының тілшісі.

Мұнда қазіргі таңда жеміс ағашының 15 түрінен 6 мыңға тарта көшеті тамырлап жатыр. Сонымен қатар, декоративті ағаштардың да 7 түрінен 5 мыңнан асатын көшеті жетіліп-ақ тұр.

Шаруаның айтуынша, әр көшет 2-3 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейінгі бағада сатылады. Расулметовтер отбасысы бұл шаруаны ата кәсібіне айналдырып, көшет өндірудің қыр-сырын әбден меңгерген.

Ауданда отбасылық кәсіппен түрлі салада табысқа кенеліп отырғандар аз емес. Соның тағы бірі — ескі көліктерді қайта қалыптап, тіпті қуатын бұрынғысынан арттырып қайта құратын Ахматали Хидировтың шеберлер ұстаханасы.

А.Хидиров үйінің ауласынан шағын автокөлік жөндеу орнын ашқан. Ал манкенттік Тахир Рустамбековтің жанұясы мал шаруашылығын дамытып, сүт өнімдерін өндіруге әбден машықтанған.

Манкенттегі еңбексүйгіш, әулетті ғана емес, дәулетті де отбасылар осылай шағын кәсіптен табыс тауып, сәулетті өмір сүруде.

Іс-сапар барысында аудан әкімі Манкент ауылдық округіне қарасты Сайрам көшесіндегі ауыз су мәселесінің шешімін тапқанына көз жеткізіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Әбдіқадыров көшесінің жаңақұрылыс аумағына газ құбырларын тарту жұмыстарымен танысып қайтты.

 

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА: ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕРІ «СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚУҒА ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі