Канадалық БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық компаниялар канадалық дәнді және бұршақты тұқымдарды заңсыз сатып алуда. Қазақстандық аты белгісіз сатып алушылар Канадада өндірілген бидай, арпа, бұршақ және соя сорттарын заңсыз түрде алуға тырысты, ал олардың мұндай әрекеті канадалық фермерлердің бәсекеге қабілеттілігіне қауіп төндіреді. Бұл туралы Holanews.kz хабарлады.
Сатып алушылар Канададағы ең сапалы селекциялық тұқым сорттарының партияларын сатып алуға тырысып, ондағы тұқым өндіруші компаниялармен, агроөндірістік брокерлермен және өңдеушілермен байланысқанын хабарлады. Ал канадалық тұқым өсіру өнеркәсібі бұл мәселеге алаңдаушылық білдіріп, Канадалықтардың сұрыптарын «қара нарықта» Қазақстанның көлеңкелі белгісіз сатып алушыларына астық сатуды шектеу үшін үкіметтен көмек сұрады.
Ауыл шаруашылығы министрі Мари-Клод Бибо федералды үкімет бұл экспортқа тыйым салады ма деген сұраққа түсінік берген жоқ. Алайда, осы бөлімнің шенеунігі Канаданың ауыл шаруашылығы және аграрлық азық-түлік министрлігі (AAFC) жағдайды қадағалауда, тұқым сатуға лицензиясы бар компаниялар сатылымға кедергі келтіруге тырысқанын біледі деп жазды.
Канадалық ауыл шаруашылығы RealAgriculture БАҚ қазақстандықтар ауыл шаруашылығы дақылдарының канадалық сорттарына қызығушылық танытатынын жазды.
«Қазақстандық компаниялар жақында Канада өсімдіктерінің генетикасына үлкен қызығушылық танытты. Олар әсіресе Виннипег, Регина және Летбридж аймағында өсетін ауыл шаруашылық дақылдарының сұрыптарына көңіл аударуда, өйткені бұл жерлердің табиғаты Қазақстанға ұқсас. Бар мәселе, елде канадалық генетиканы заңды сатып алу туралы келісім жоқ», — деп жазады басылым.
Сондай-ақ, бұл жағдайды өзінің Telegram-арнасында белгілі қазақстандық саясаттанушы Ербол Еділов түсіндірді.
«Аталған жаңалық шетелдік ресурстарда жарияланды және жергілікті БАҚ соншалықты бұл жаңалық жайлы көп жазбады. Кейбір қазақстандық кәсіпкерлер елімізде астық өсіруге арналған канадалық тұқымның генетикалық жоғары сапалы сұрпын сатып алуда деп жазады. Канадалық сұрыптар Қазақстанда өсіру үшін өте қолайлы, өйткені бұл аймақтардың өсіру жағдайлары, табиғаты ұқсас. Канадалық сала қауымдастығының айтуынша, біз көлеңкелі нарықтағы заңсыз мәміле туралы айтып отырмыз. Канадалықтар федералды үкіметтен жағдайға әсер етуді сұрайды, өйткені бұл жергілікті нарық үшін шығындарға және шетелдік нарықтарда канадалық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен тікелей бәсекелесетін біздің астық экспорттаушылар үшін бәсекелестік артықшылықтардың өсуіне әкелуі мүмкін», — деп жазды ол.
Саясаттанушы атап өткендей, ашық дереккөздерде соңғы 100 жылда Канаданың агроөнеркәсіптік секторын дамытуға салынған орасан зор инвестициялар бірқатар ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне бағытталғандығы көрсетілген. Нәтижесінде олар бүкіл нарық айналымының $120 млрд-тан астам астық өсуінің драйвері болды.
Канада салық төлеушілерді, фермерлерді және тұқым өндіруші компанияларды қаржыландырудың дұрыс жүйесі бойынша мемлекеттік және жеке мекемелер жасаған жоғары сапалы сұрыптардың экспортымен танымал.
Сондай-ақ, коммерциялық тұқымдарды сату туралы келісімдер бойынша шетелдік сатып алушыларға Канадада өсірілген кейбір сұрыптарды сатуға мүмкіндік бар. Алайда, бұл келісімдер, әдетте, оларды жасаған компанияларға ақша төлеуді талап етеді. Сондай – ақ, канадалық БАҚ-тың бірі егер Қазақстан канадалық сұрыптарды өсіре бастап, экспорттық нарықтарға шығып, бәскелес болатынын хабарлайды.