Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ЖЕТIСАЙ ҰСТАЗДАРЫ — ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ

29 августа, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ЖЕТIСАЙ ҰСТАЗДАРЫ — ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев онлайн режимде аудан ұстаздарын дәстүрлі «Тамыз конференциясында» жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Онлайн байланыс арқылы сөз алған аудан әкімі осындай қиын кезеңде ең орасан еңбек ұстаздардыңкі екенін айтып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына табыс тіледі.
» Қай кезде болмасын шәкіртінің білім алу үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы, пандемия кезінде де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында екі есе қызмет атқарды. Сіздердің осындай орасан еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Бір әріп үйреткенге мың күн сәлем бер деген дана халқымыз. Сіздердің осындай орасан еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Әр баланың зейінін ашып елдің ертеңі болатын азаматтарды ел қатарына қосу жолында шаршамай еңбек ете беріңіздер» деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.
Конференция барысында ұстаздар жарыссөзге шығып ұсыныс-тілектерін білдірді. Жиын соңында білім беру саласына сіңірген еңбегтеріне қарай бірнеше ұстаздар, облыс әкімінің, аудан әкімінің және білім және ғылым министрлігінің алғыс хат, дипломдармен марапатталды.

Ауданның білім саласы бойынша қысқаша мәлімет бере кететін болсақ. 2019-2020 оқу жылында ауданымыздағы 71 мектепте 48108 оқушы білім алып, олармен 5687 педагог оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді.
21270 бала мектепке дейінгі ұйымдарға барса, оның ішінде 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 99,5 % құрап отыр.
Оқу жылы барысында оқушыларымыз түрлі деңгейдегі білім бәсекелеріне қатысып, жақсы жетістіктерге жете білді, сол арқылы ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты.
Ауданымызда биыл 2660 оқушы білім ұясынан түлеп ұшты. Олардың ішінде 199 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 178-сі мектепті «Үздік аттестатпен» аяқтады.
2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 4312 оқушы келеді деп күтілуде.

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА: ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ БОЛЫП ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ ШАРДАРАЛЫҚТАР ДА ҮЛЕС ҚОСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі