Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды

17 мая, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы кешенді жұмыстар аясында туристік автобустарға арналған тұрақтар қолға алынды.

 

Пилоттық жобаны қалалық туризм басқармасы,  Шымкент қаласы  полиция департаменті мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе жүзеге асырды.

 

Туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтары қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарда ашылуда. Алғашқы нүкте қаланың орталық бөлігі Әл-Фараби алаңында орналасқан. Мұнда келген туристер «Арбат» алаңы, «Shymkent Plaza» орталығымен таныса алады. Алдағы уақытта Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент-Цирк, Наурыз алаңы, Дендросаябақ және  Ордабасы алаңында да арнайы тұрақтар пайдалануға беріледі.

 

– Енді қалаға келген туристер рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан автотұрақтарды лезде таба алады. Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы қалалық туроператорлар көптен бері мәселе етіп көтерген еді. Қаланы туристер үшін жайлы ету мақсатындағы жұмыстар жалғасады, –  дейді туризм басқармасының басшысы Олжас Шинтаев.

 

Қаланың туристік әлеуетін дамыту бағытындағы «Bus Stop» тұрақтары пилоттық жоба аясында іске асырылып отыр.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

«Даму» қорының қолдауымен балық ыстау цехын іске қосты

Келесі жаңалық

Түркістан облысында жайылымдарды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі