Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КИНЭС рекордтар кітабына енген кітапханашы

18 мая, 2021
in Білім
0
КИНЭС рекордтар кітабына енген кітапханашы
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемде 50-ге жуық ел өздерінің рекордтар кітабын шығарады. Қазақстан рекордтар кітабы 1999 жылдан бастап шығып келеді. Ол – КИнЭС. Қазақстан рекордтар энциклопедиясына 2018 жылы Тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде енген кітапханашы – шымкенттік Ербек Бәкиев

Қаламызда зағип жандар аз емес. Ербек бүгінде Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкері.

Алғаш еңбек жолын 2015 жылдың ақпан айында  ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Тифлолог-редактор болып жұмыс жасаудан бастаған.

2017 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде «Ерекше жандар» бағдарламасын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістігі мен шығармашылығын насихаттап өмірге құштар жандармен тікелей эфирде сұхбат жүргізіп, еңбек етіп келеді.

2013 жылы «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық байқауда облыстан ІІ орын иегері, 2017 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында өткен республикалық «Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының» иегері атанып, төсбелгімен марапатталған.

Бүгінде Ербек Бәкиев арнайы кітапхананың Тифлология бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар, Республикалық «Шабыт» газетінің негізін қалап, елдегі елеулі жаңалықтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жеткен жетістіктері, қоғамда атқарылып жатқан жұмыстарын жарыққа шығарып, оқырман қошеметіне бөленуде.

Қоғамда тағдырдың жіберген сынағына мойымай, қарсы тұра білетін, көпке үлгі болып жүретін жандар болады. Сондай жандардың бірі — Ербек басына қандай қиындық түссе де ерік-жігері мұқалмаған көпке үлгі боларлық жан.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында жайылымдарды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуда

Келесі жаңалық

Асар-2 шағынауданы жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі