Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте рәміздер күніне орай автокөлік шеруі жолға шықты

4 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте рәміздер күніне орай автокөлік шеруі жолға шықты
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай эстафета түрінде автокөліктер шеруі басталды.

Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік рәміздердің еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі екенін, сондай-ақ халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгі ретінде таныту.

Эстафетаны алғаш болып Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев бастады. Қолына көк туды алып, 12 өнерпазбен бірге көлікпен қала көшелері арқылы «Арбат» демалыс аймағына жол тартты. Ол жерде «ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері», бокстан Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Біржан Жақыповқа эстафетаны жолдайды.

Әрбір белгіленген орында тұрғындарға рәміздерге байланысты сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға «QAZAQSTAN» шоколады табысталады.

Кең баба саябағында спортшы эстафетаны №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайға ұсынады.

Кейіннен шеру Асар шағын ауданында «Үздік педагог-2020» Жадыра Шабденге, одан ары «Шымкент Ситиді» айналып өтіп, Әкімшілік іскерлік алаңына қарай жол тартады. Ол жерде бүгінгі күннің батыры №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Вахиджан Казакбаевқа табысталады.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

«Жастар практикасы» жұмыс табуға зор мүмкіндік

Келесі жаңалық

Түркістан облысы тұрғындары полицияға 149 қару тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі