Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкент дәрігерлері ауыр дертке шалдыққан 4 жасар балаға күрделі ота жасады

3 июля, 2021
in Денсаулық
0
Шымкент дәрігерлері ауыр дертке шалдыққан 4 жасар балаға күрделі ота жасады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургтері тумасынан ауыр дертке шалдыққан 4 жасар балаға күрделі ота жасады. Нәресте күнінде сепсиспен ауырған балақайдың аяғы іріңдеп, сан сүйегі шығып кеткен. Соның салдарынан балақай өздігінен аяқ басып жүре алмай қалған.

Төсекке таңылған балақайды аяғына тұрғызу үшін дәрігерлер хирургиялық емнің күрделі әдісін қолданған. Операция кезінде балалар хирургтері науқастың аяғының зақымдалған аймақтарын хирургиялық жолмен тазалап шықты. Кейін патологиялық шыққан сан сүйегін буынға орналастырып беріпті.

«Баланың аяғы нәресте кезінен іріңдеп кеткендіктен, буын жандарында анатомиялық өзгерістер болған. Салдарынан сан сүйегін жоғарыдан төмен түсіру қиын болды. Дегенмен, біз анатомиялық өзгерген тіндерін тазалап, сүйегін 2 см төмен түсірдік. Ота сәтті өтті, бала өз еркімен қимылдай алады. Бұл балаға бірнеше ота жасаймыз», — дейді ортопед-травматалог Болат Нұсқабаев.

Медицина мамандарының сөзінше, мұндай оталар  сирек жасалады. Операция күрделі әрі бірнеше хирургиялық ем кезеңінен өтуі қажет.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Келесі жаңалық

Инфекционист-дәрігер Динара Темірәлиева індетке қарсы күресте тәулік бойы жұмыс істеген мамандардың бірі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі