Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда 6 баланың анасы үшем босанды

7 июля, 2021
in Uncategorized
0
Түркістанда 6 баланың анасы үшем босанды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандық дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды. Жыл басынан бері өңірде алтыншы үшем дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан № 3 Облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келді. Үш ұл баланы 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Дәрігерлер туғанда салмағы небәрі 1,7 келі (1700 грамм, бойы — 40 см, 1700 грамм, бойы — 39 см, 1970 грамм — бойы 42 см) болған үш ұлды 13 күн бойы күтіп, жетілдірген. Мерзімінен ерте туылған үшем перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, жағдайы жақсарған. Түркістандық дәрігерлердің біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Мамандардың сөзінше, қазір олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ. Нәрестелерге жақындары Хасан, Хусан мен Мухаммад есімдерін берген.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының төрт қызы мен екі ұлы бар. 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды. Көпбалалы ана үй шаруасында, ал отағасы қарапайым жұмысшы. Былтыр № 3 ОПО-да орталығында 10 мыңға жуық сәби дүниге келді. Жыл басынан бері мұнда 6 мың нәресте дүниеге келген. Орталық дәрігерлері жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

Сайрам ауданының еріктілері елордадан оралды

Келесі жаңалық

Шымкентте аялдамалар жаңаруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі