Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Биыл Шымкентте 600-ге жуық азамат «Бақытты отбасы» аясында баспаналы болады

13 июля, 2021
in Қоғам
0
Биыл Шымкентте 600-ге жуық азамат «Бақытты отбасы» аясында баспаналы болады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы»    бағытымен  тұрғын үй кезегінде тұрған  589 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді. Аталған бағыт бойынша 2020 жылға бөлінген лимит негізінде «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы өтінімдерді қабылдауды ағымдағы жылдың  26 мамырына  дейін жүргізген болатын. Қазіргі таңда аталған банк арқылы негізгі және резервтік тізім қалыптастырылып, азамттардың төлем қабілеттілігін тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтарға бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін  тұрғын үй сертификаты белгіленген шекте берілмек.

Мемлекеттен қолдау тапқан  «Бақытты отбасы» бағытына тұрғын үй кезегінде тұрған  «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған,      сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Бағдарлама арқылы жылдық мөлшері 2 пайыздан аспайтын алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.  Егер азаматтардың  ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны  кепіл бола алады.

Айта кету керек, биыл бұл бағытқа қатысуға үлгермей қалған тұрғын үй кезегінде тұрған жоғарыда аталған толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асыраушы отбасылар  санатындағы азаматтар 2022 жылға  бөлінетін лимитке сәйкес «Отбасы банк»  арқылы келесі жылы  өтінім  тапсыра алады.

 

Шымкент қаласы әкімлігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Келесі жаңалық

Абай ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі