Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қуыршақ театрының 39-шы маусымы ашылды

12 августа, 2021
in Мәдениет
0
Қуыршақ театрының 39-шы маусымы ашылды
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 39-шы маусымы ашылды. Жаңа маусым еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Сағыныш шөбі» қойылымымен басталды.

Қазақ драматургиясының классикалық туындысы желісінде сахналанған бұл қойылым тарихи деректерге негізделіп, көрерменге ұлттық болмыс пен ерлік, отансүйгіштікті дәріптейтін ерекше туынды десек болады.  Қоюшы режиссеры М.Малдыбаева, қоюшы суретші Г.Бабаева.

Естеріңізге салсақ театр 38-ші маусымында қалың көрерменді түрлі жанрдағы қойылымдармен тәнті еткен болатын. Атап айтсақ, әлемдік деңгейдегі классикалық туынды болып табылатын Н.Гогольдің «Женитьба» комедиясы, Д.Саламаттың «Қасқыр шөп жей ме?» ертегісін, М.Малдыбаеваның «Асыл шөп» қойылымы, А.Алтынбековтың «Рахмет саған, дәрігер!» қойылымының премьерасын көрерменге тарту еткен болатын. Биылғы жаңа маусымда жаңа премьералармен қатар түрлі қойылымдар сіздерді асыға күтеді деген зор сенім бар.

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 1984 жылы алғаш рет Г.Ландаудың «Ку-ка-ре-ку» спектаклімен шымылдығын ашып, бүгінгі күнге дейін үздіксіз жұмыс жасап келеді. Театр репертуарында бүгінгі таңда отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары бар.

Айта кетейік, аталған театрға карантин талаптарына сәйкес Ashyq жобасымен кіруге рұқсат етіледі. Мұнда маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып,  толымдылығын 30 пайыздан асырмай қызмет көрсетіледі. Театрға билеттерді VISIT-SHYMKENT.KZ туристік мобильді қосымшасы арқылы онлайн билет броньдап сатып алуға болады.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 100-ге жуық көше жөнделді

Келесі жаңалық

«Ізгілік мекені» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі