Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Еңбекші ауданында 174 жәй серіктестік пен 6 мүлік иелерінің бірлестігі тіркелді

12 августа, 2021
in Әлеумет
0
Еңбекші ауданында 174 жәй серіктестік пен 6 мүлік иелерінің бірлестігі тіркелді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбекші ауданында 6 меншік иелерінің бірлестігі мен 174 жәй серіктестік тіркелді. Тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсіліне әлі 450 үй тіркелуі керек. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

«Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырған болатын. Осы мақсатта Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі немесе жәй серіктестікті құру мәселесі бойынша қала тұрғындарына үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде»,-деді аудан әкімі.

МИБ – бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй — бір мүлік иелерінің бірлестігі — бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым болып табылады.

ЖС – заңды тұлға құрмай, «бір үй – бір жай серіктестік – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді.

Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсілінен бөлек, жол, қоғамдық көлік, электр жарығы мен көшені жарықтандыру сынды  сауалдар келіп түсті.

Еңбекші ауданына қатысты басқа да сұрақтарыңыз болса, Enbekshi.akimat инстаграм парақшасына жазуларыңызға немесе 43-31-09 телефонына хабарласуларыңызға болады.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысының 19 елді мекеніне газ жетті

Келесі жаңалық

Шымкентте биыл 9 шағын аудан сапалы ауыз сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі