Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Сарыағашта ірі қара мал басы артты

17 января, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: Сарыағашта ірі қара мал басы артты
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 2021 жылы ірі қара малдың саны 62272 басты құраған. 2020 жылмен салыстырғанда 6201 басқа артқан. Сондай-ақ 2021 жылы жалпы 15035 тонна ет өнімдері және 52894 тонна сүт өнімдері өндірілді.

Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі егін және мал шаруашылығымен айналысады. Оны асылдандыру, көбейту бағытында нәтижелі жұмыстар аз емес. Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту жолға қойылған.

Атап айтқанда, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Измир» ауыл шаруашылығы кооперативі бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Мамедов Элгар басшылық жасап отырған ауыл шаруашылығы кооперативі алғашқыда шет мемлекеттен 45 аналық бас ангус тұқымды ірі қара мал алып келген болса, бүгінгі таңда кооперативте 147 бас ангус тұқымды ірі қара мал өсірілуде. Қазіргі уақытта аналық бастар төлдеп, мал басы көбеюіне байланысты асыл тұқымды бұқаларын жергілікті шаруаларға сатып, басқа шаруа қожалықтағы ірі қара малдарды асылдандыруға септігін тигізіп отыр. Шаруашылық алдағы жылдары мал басын көбейтіп, бордақылау арқылы ет өнімдерін өңдеу орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Ауданда мал басын көбейту, асылдандыру жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылып келеді. Шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша субсидия алған. Соның нәтижесінде төрт түліктің өсімі артты. Жыл соңындағы көрсеткіш бойынша ет, сүт, жұмыртқа өнімін өндіру де арта түскен.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте коменданттық сағатты бұзған 75 адам қамауға алынды

Келесі жаңалық

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны біршама төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі