Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жансын, қирасын, формаларыңды шешіңдер- Шымкентте бұзақылар өрт сөндірушілерге осындай талап қойған

18 января, 2022
in Қоғам
0
Жансын, қирасын, формаларыңды шешіңдер- Шымкентте бұзақылар өрт сөндірушілерге осындай талап қойған
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте болған жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтіріп, өздеріне қарсы шабуылдаған.

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполоковнигі Қуаныш Арсланов алаңдағы шыққан өрттерді жеке құрамның қиындыққа қарамай, қалай сөндіргендерін айтып берді.

«Сөндірмейсіңдер, жансын, қирасын, өздерің формаларыңды шешіңдер де біз жаққа өтіңдер» деген бұзақылардың талаптарына жеке құрам көнбеді. Бірақ антына адал азаматтық қорғау органының қызметкерлері еш тойтарысқа қарамастан өз міндеттерін атқарып, соңына дейін күресті» -дейді ол.

Қалалық әкімшіліктің алдында алғашқы көлік өртенгенде өрт сөндірушілер бірден сөндірмек болған. Көліктерімен оқиға орнына жақындағанда аспаннан тас қарша борапты. Сондай-ақ қолдарында қарулары бар бір топ адам шабуылдап, өмірлеріне қауіп төндірген. Жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірге жүрген басшылық шиеленісті барынша тоқтатып, бұзақылармен келіссөз жүргізген.

«Отқа оранған көлік әкімшілік ғимаратқа тым жақын орналасқан еді. Сондықтан көпқабатты ғимаратқа өрт тарап кету қауіпі туындады. Бұзақыларға тойтарыс бере жүріп, дер кезінде сөндірдік. Кейіннен жеңіл көліктер, автобустар өртке оранды. Тіпті мереке кезінде қойылған жасыл шыршаға дейін өрт қойылды. Ал «Көрме орталығы» өртке оранған кезде адамдардың көптігінен ғимаратқа өту қиын болды. Бұзақылар да өртті сөндіруге жол бермейтіндерін айтты. Алайда, полиция департаментінің арнайы жасағы көмекке келді. Осылайша аумағы 260 шаршы метрді құраған орталықтағы ауқымды өрт сөндірілді»-дейді Қ.Арсланов.

Жалпы жаппай тәртіпсіздіктен 5 өрт сөндіру автокөлігіне тас тиген.

 

 

Алдыңғы жаңалық

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Келесі жаңалық

Сарыағаш ауданында тауыс құсы өсірілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі