Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Сауран ауданында ірі қара мал басы артты

19 января, 2022
in Ауыл
0
Сауран ауданында ірі қара мал басы артты
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сауран ауданының басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға басымдылық берілуде. 2021 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша ауданда мал басы саны артып, тиісінше, өнім көлемі де еселене түсті. Атап айтатын болсақ, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Сауран ауданында ірі қара мал басы 12,6 %-ға артып, 87794 басқа жетті. Аудан бойынша ірі қара малдан бөлек 467996 бас уақ мал, 15667 бас жылқы, 3313 бас түйе, 139548 бас құс бар.

2021 жылы мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені 12148,8 тоннаны құрайды. Сондай-ақ 829,2 тонна қой жүні қырқылып, өсім көрсеткіші 8%-ды құрады.

Үш жақты келісімге сай 653 бас аналық түйе сатып алынып, 23011 бас аналық ІҚМ тұқымдық түрленіп, 8858 бас бұқашық мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізілді. Ал балық шаруашылығына келетін болсақ, жыл қорытындысы бойынша балық өнімі 745 тоннаны құрады. Осылайша, аудандағы мал шаруашылығын дамыту бойынша берілген тапсырмалар артығымен орындалып отыр.

Аудан бойынша 2021-2022 жылғы мал қыстату науқанына қажетті 308,2 тонна мал азығы дайындалу керек болса, ол 330,2 тонна болып, 107%-ға орындалып отыр. Оның ішінде, жоңышқа — 96,7 мың тонна, пішен — 7,9 мың тонна, сабан — 5,0 мың тонна, табиғи шөп — 220,6 мың тонна.

Қазіргі уақытта қажетті мал азығын үнемдеу мақсатында шаруашылықтардағы барлық мал түрлері ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған алқаптарда бағылып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімі азаматтарды қабылдады

Келесі жаңалық

Су басу қаупі төнген аймақтар бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі