Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістанда 5 адамның өліміне себепші болғандардың кінәсін дәлелдеу үшін жеті ай тергеу жүрді

19 января, 2022
in Билік
0
Түркістанда 5 адамның өліміне себепші болғандардың кінәсін дәлелдеу үшін жеті ай тергеу жүрді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС директоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында улы газдан улану салдарынан әйел мен оның кәмелетке толмаған 4 баласы қаза тапқан болатын. Көпбалалы ана 41 жаста еді. Ал, ең кіші баласы 4 жаста. Төтенше оқиғадан тек Шымкентте ем қабылдап жатқан отағасы ғана аман қалды. Аталған іс бойынша тергеу шамамен жеті айға созылды. Түрлі сараптамалар жүргізіліп, дәлелдер жинақталды. Нәтижесінде айыптау актісі бар іс сотқа жолданған болатын.

«Болашақта мұндай қайғылы жағдайды болдырмау мен алдын алу үшін біз аталған іс бойынша мұқият жұмыс істедік. ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бірден сот-технологиялық сараптама тағайындадық. Нәтижесінде мамандар газ желілерін орнату және монтаждау 4.03-01-2011 ж. ҚР құрылыс нормаларына сәйкес келмейді деген қорытынды берді. Яғни, газ жабдықтарын орнату кезінде жауапты мамандар бірқатар қателік жіберген. Ең бастысы, тұтынушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген, ал бұл әрине, адам өліміне алып келеді», — деді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.

Түркістан қаласының соты аталған іс бойынша үкім шығарды. Екі бірдей газ компаниясының директоры 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында 66 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Келесі жаңалық

Түркістандағы "Қылует" рухани орталығы биыл пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі