Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістанның базарларын заман талабына сай жаңғырту мәселесі талқыланды

28 января, 2022
in Әлеумет
0
Түркістанның базарларын заман талабына сай жаңғырту мәселесі талқыланды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында базарларды талапқа сай ету, қызмет сапасын жақсарту мәселелері талқыланған келелі кеңес өтті. Кәсіпкерлермен кездесу сауда нысандарының жағдайы, қызмет көрсету сапасы мен тұтынушыларға қолайлы орта қалыптастыру төңірегінде өрбіді.

Түркістан қаласында қазіргі таңда жалпы алаңы 153,9 мың шаршы метрді құрайтын ірі 12 сауда орны (5 базар, 7 сауда қатары) тұрақты қызмет көрсетуде. Мұндағы сауда орындарының саны — 3307.

Басты мәселе — тазалық. Сонымен қатар ретсіз сауда орындарын жою, санитарлық талаптардың және өрт қауіпсіздігінің сақталуы, көлік қатынастарын реттеу жайы зерделенді.

— Базар, сауда қатарлары қала келбетін құрушы негізгі нысандардың бірі екенін ұмытпағанымыз жөн. Қала қонақтары мәдени-рухани демалыстан соң, көбіне базарларға барады. Сондықтан ұсынылатын қызмет деңгейі мен сапасы Түркістан туралы пікір қалыптастыруға әсер ететінін назарға алып, жұмыс істеуіміз қажет. Сонымен қатар азық-түлік бағасының тұрақтылығына да баса мән берілгені жөн. Талап сұранысқа сай қалыптасады, — деді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Кездесуде кәсіпкерлер ұсыныстар мен ескертпелерге сай жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Қала әкімдігі тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылып, қызмет сапасына тұрақты мониторинг жүргізетіні де ескертілді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды

Келесі жаңалық

Өмірзақ Шөкеев мердігерлермен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі