Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі назарда

Биыл Шымкент қаласында 24 196 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жаңа жұмыс орындарының 14 мыңнан астамы тұрақты және 10 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындары болмақ.

2 февраля, 2022
in Қоғам
0
Азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі назарда
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықты жұмыспен және баспанамен қамту,  әлеуметтік қорғау мәселелері бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің азаматтарды онлайн қабылдауында қаралды. Жалпы жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа сай ұсынылатын жұмыс орындарына жолдайды. Қабылдауда болған тұрғындардың кейбірі өздері қалаған жұмыс түрлері табылмай жататындығын жеткізді. Бұл орайда жаңадан құрылғалы отырған жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізбек.

Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл жылы 18 мыңнан аса жасты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда.

Қабылдау барысында баспанаға мұқтаж азаматтар да өтініштерін жеткізді. Азаматтардың бірі уақытша баспана сұраса, енді бірі кезегінің келмегеніне наразы.

Қала әкімінің орынбасары бүгінде тұрғын үй кезегіне 48 мыңнан астам азамат тіркелгенін, мемлекеттік тұрғын үй қорында уақытша баспана қарастырылмағанын,  Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін жеткізді.

Арендалық тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға беріледі. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелік бағдарламалары ұсынылуда.

Кезекте тіркелген азаматтардың барлығы жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша баспаналы бола алады. Қабылдау барысында әр тұрғынның мәселесі назарға алынып, тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. Қала басшысының орынбасары өз тарапынан әр азаматтың өтінішін жіті бақылауына алған.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 300 шақырым жол жөнделеді

Келесі жаңалық

Түркістанда кіші инвазивті отаны ауылда да жасайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі