Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістанның ескі бөлігінде инфрақұрылым жаңарып, шағынаудандар көркейе түсті

2 февраля, 2022
in Әлеумет
0
Түркістанның ескі бөлігінде инфрақұрылым жаңарып, шағынаудандар көркейе түсті
0
SHARES
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының ескі бөлігіндегі 127 гектар жерді тіршілікке ыңғайлы етіп көркейту көзделген. Бүгінде ескі қала аумағы абаттандырылып, көшелер көріктендірілуде. Суару жүйесі жүргізіліп, гүлзарлар, демалыс орындары, балалар алаңқайлары салынуда. Көгалдандырылып, 200 мың дана сальвия, тагетс, шафран, астра, ирис гүлдері егіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Түркістандағы 1 және 2-мөлтек аудандарын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. 9 подстанция жаңартылды. Сонымен қатар заңсыз «полигон» қызметін атқарып келген алаңдарды тұрғындардың демалыс аймағына айналдыру қолға алынды.

«Төлеби» және «Шығармашылық» саябақтарында балалар ойын алаңшаларымен қатар бұқаралық спортпен шұғылдану орындары жасақталады. Гүлзарлар мен жасыл белдеуге, «Тұран» мөлтек ауданы аумағын ағын сумен қамту үшін гидрантты суландыру жүйесі жүргізілуде.

Түркістан қаласында тағы бір жаңа заманауи қонақүйдің құрылысы аяқталуға жақын. Мәдени-рухани орталықта бой көтерген «Medina palace» қонақүй кешенінің құрылысы алдағы көктемде аяқталып, пайдалануға берілмек.

Жалпы, Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында ғана емес, барлық бөлігінде инфрақұрылым жақсартылып, нысандар салынып, абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Шаһарды туризмнің орталығына айналдыруда бұл бастамалардың маңызы зор.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: Medina palaceТұранТөлеби саябақШығармашылық
Алдыңғы жаңалық

Мақтааралда "Сартаев" жылыжайы жылына 3 миллион дана көшет өндіреді

Келесі жаңалық

Делдалсыз өндірушілердің өнімдері тікелей тұтынушыға жеткізілетін сауда орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі