Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл, кент тұрғындарымен кездесіп, ондағы әлеуметтік нысандарды аралап, туындаған мәселелерді шешті. Қаратау, Қарақұр ауыл округтері мен Таукент кентінде болып, бірқатар нысындарды аралап, тұрғындармен жүздесті.
Таукент кенті Жыныс ата мөлтекауданында тұрғындары электр желісі үзіліп, жарықтың жиі өшетінін тілге тиек етті. Аудан әкімі Мұхит Сексенбаев «Оңтүстік Жарық» ЖШС Созақ ауданы бөліміне жұмысты зерделеп, электр желісінің тартылуын қадағалап, трансформатарды ауыстыруды тапсырды. Қазіргі таңда тұрғындар көтерілген мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде, екі күннің шеңберінде электр желісіне байланысты туындаған мәселе шешіледі.
Сонымен бірге тұрғындар түнгі уақытта жүргіншілер мен оқушыларға қолайсыздық тудыратын коттедж аялдамасына электр бағанасы қойылып, жарықтандырылса, деген талабын айтты. Осы аптада коттедж аялдамасына бағана орнатылып, электр желісі тартылады. Тұрғындар Жыныс шағынауданындағы оқушыларды мектепке тасымалдауға әкімдік тарапынан көлік шығарып, мәселені шешіп беруді сұрады. Аудан басшысы Тасты- Қылти, Сызған-Басбұлақ, Қабарұлақ-Балдысу елді мекендері арасында тасымал жүргізілетініне тоқталып, заң бойынша елді мекен ішінде бұл мәселені шешу қарастырылмағанын түсіндіріді. Алайда жол ұзақтығын ескеріп, оқушы тасымалын мәселесін уран өндіретін компанияға қарасты «Орталықтандырылған көлік тасымалдау базасы» ЖШС-і арқылы реттеуді тапсырды. Қазіргі таңда тұрғындарды алаңдатқан оқушы тасымалы шешімін тапты.
Қарақұр ауылдық округінің тұрғындары Раң елді мекенінде электр жарығы кернеуінің төмендігін айтқан болатын. Бұл түйткіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылған еді. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау электр желісі мекемесінен мамандар шақырылып, 0,8 шақырым электр желісіне қосымша жөндеу жұмысы жасалған. Сондай-ақ трансформатор қуатын көтеру арқылы электр жарығы қалпына келтірілді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тиісті бөлім мен мекеме басшыларына көтерілген мәселе бойынша шешу тетіктерін қарастырып, халықтың талап тілегін уақтылы орындауды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі