Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Басқарма басшысы баспаналы болудың бағыттарын түсіндірді

4 февраля, 2022
in Әлеумет
0
Басқарма басшысы баспаналы болудың бағыттарын түсіндірді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев баспана мәселелері бойынша 50-ге жуық азаматты қабылдады. Қабылдауда көпбалалы және толық емес отбасы, мүгедек бала тәрбиелеуші және мүгедек санатындағы азаматтар сондай ақ мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері санатындағы азаматтар болды.

Тұрғындарды толғандырған баспана кезегі мәселесі жан-жақты талқыланып, қажетті мәліметтер дерегі айтылды. Азаматтар өздерін алаңдатқан сауалдарына тиісті жауап алды. Басқарма басшысы қабылдауда болған әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, назарға алды.Сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар басқарма басшысы баспанаға мұқтаж азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық несиелер бойынша да қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелген төлемге қабілетті барлық азаматтар “Нұрлы жер” бағдарламасының “Шаңырақ” бағытына қатыса алады. Ал. “Бақытты отбасы” бағытына тұрғын үй кезегінде тіркелген үш санат, көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылар қатыса алады. Сонымен қатар міндетті түрде төлем қабілеттілігі болу қажет. Бұл екі бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау Отбасы банкінің интернет ресурстары арқылы жүргізіледі. Атаған бағдарламаларға ағымдағы жылы конкурс Отбасы банк арқылы жарияланады.

Бұдан бөлек “7-20-25” бағытына төлемге қабілетті иелігінде жылжымайтын мүлік тіркелмеген барлық азаматтар қатыса алады. Азаматтар бірінші нарықтан тұрғын үйді немесе пәтерді өз таңдайды. Бұл бағыт бойынша төлем қабілеттілігін растау үшін яғни пәтерді рәсімдеу үшін екінші деңгейдегі 8 банк жұмыс істейді. Атап айтқанда, Банкцентркредит, Еуразиялық банк, Халық банкі, Сбербанк, АТФ банк, Жусан банкі, РБК банкі, Форте банк.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Келесі жаңалық

Сарағаштық тұрғындар әкіммен ашық пікірлесіп, мәселелер көтерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі