Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қала әкімі нұршуақ шағын аудан тұрғындарының мәселесін тыңдады

4 февраля, 2022
in Қоғам
0
Қала әкімі нұршуақ шағын аудан тұрғындарының мәселесін тыңдады
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұршуақ шағын ауданы тұрғындарымен болған кездесуде ай сайын өткізілетін жеке қабылдаудан бөлек, әр тоқсанның бір айын тұрғындармен кездесуге арнайтынын жеткізді. Жыл басынан бері өзекті мәселесі бар 32 шағын аудан мен тұрғын алаб халқының мәселесін тыңдағанын атап өтті.

Абай ауданына қарасты бұл шағын аудан тұрғындарын сапалы электр жарығы мен табиғи газ, мектеп, емхана, көшелерге шағал тас төсеу, қоғамдық көлік пен Әл-Фараби көшесіне шығатын балама жол қарастыру мәселесі толғандырып отыр.

Әкім көтерілген мәселелердің шешу жолын сала жетекшілерімен талқылап, жергілікті тұрғындарға жұмыстың атқарылу барысын түсіндірді.

«Шағын ауданның өзекті мәселесін ескере отырып, ең алдымен газ, жарықты шешуді қолға алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай былтыр таза ауыз сумен толық қамтылдыңыздар. Бүгінгі таңда сапалы электр қуатын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы газ жүйесін тарту жұмыстары басталады. Оның құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Өткен жылы 14 көшеге шағал тас төселсе, ауыз су жүйесі жүргізілген 6 шақырым жолға биыл шағал тас төселетін болады. Инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталғанда жолдарды асфальттау жұмыстары басталады»,-деді әкім.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы 2023 жылы Нұршуақ шағын ауданына 1200 орындық мектеп салынатынын, екі елді мекенге ортақ емхана құрылысы Ынтымақ шағын ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқанын атап өтті. Заманауи емхана тәулігіне 500 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.

Сөз соңында тұрғындар әкімге ашық диалог тәртібіндегі кездесуі үшін алғысын білдіріп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне атсалысатындарын айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Сарағаштық тұрғындар әкіммен ашық пікірлесіп, мәселелер көтерді

Келесі жаңалық

Генерал-майор әскери сала ардагерлерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі