Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қала әкімі қызылжар тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесті

4 февраля, 2022
in Қоғам
0
Қала әкімі қызылжар тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Бүгін шаһар басшысы 4 мыңнан астам халқы бар Қызылжар тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесіп, атқарылар жұмыстың барысын баяндады.

Қызылжарлықтар көшені асфальттау, тозығы жеткен электр жарығын ауыстыру, бадам өзені жағалауын қоршау, интернетпен қамту мәселесін айтты.

Әкім аталған елді мекенде қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу жұмыстары қолға алынғанын атап өтті.

«Қызылжар тұрғын алабы өткен жылы сапалы ауыз сумен толығымен қамтылды. Табиғи газда бар. Биылғы жылы тозығы жеткен электр желілері мен бағаналар ауыстырылып, трнасформаторлар жаңартылатын болады. Өздеріңіз көріп отырғандай орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін құрылыс жұмысы жүргізілуде. Оның құрылысы мамыр айында аяқталады деп күтілуде»,-деді әкім.

Көшелерді асфальттау жұмыстары 2023-2024 жылы жоспарда тұр деп сендірген қала басшысы өткен жылы 8 көшеге шағал тас төселгенін және биылғы жылы екі көше жарықтандырылатынын атап өтті.

Кездесу соңында Мұрат Әйтенов аудан әкімі мен салалық басқарма басшыларына жоғарыда айтылған жұмыстардың орындалуы бойынша апта сайын есеп беруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

36 мың ардагарлермен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Келесі жаңалық

Жұма күні Жұмаханбетов тізгінді Дәлібековке тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі