Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тұрғындар өтініші ескерілді

7 февраля, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
Тұрғындар өтініші ескерілді
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауынан кейін «Тұран-2» шағын ауданындағы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қарастырылған тұрғын үйлерді аралады. Қабылдауда болған Салтанат Есбосынованың өтініші бойынша жаңа баспаналардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлылығын тексерді.

Қала тұрғыны 2012 жылы 1-2 топ санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген. Бүгінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйдің бірінші қабатынан 1 бөлмелі пәтермен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, жуынатын бөлме есігінің тарлығына наразы. Айтуынша, мүгедектер арбасының көлемі ескерілмеген. Қала әкімінің орынбасары бұл кемшілік бойынша қалалық құрылыс басқармасы мен мердігер компания өкілдеріне қатаң ескерту жасап, пәтерді осы азаматтардың ыңғайлығына сай түзеуге уақыт берді.

-Болашақта ешкімнің өміріне немесе денсаулығына кепіл жоқ. Сол себепті үйді өздеріңе арнағандай салу қажет. Таяу уақыт ішінде бұл кемшілікті жойып, ыңғайлы пәтермен қамтамасыз етуіміз керек. Түптеп келгенде тапсырылған нысанның кепілдік мерзімі де өтпеген, — деді Ерғали Білісбеков.

Сондай-ақ, қала басшысының орынбасары тұрғын үйлердегі пандустар мен аулалардың абаттандырылуын бақылады. Айтуынша, жаңа баспаналардың жобалау құжатында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талабы қатаң ескеріліп, пәтерлер тек төменгі қабаттарынан үлестірілуі тиіс. Алдағы уақытта «Тұран-2» шағын ауданынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арендалық үймен қамту мақсатында тағы 9 үй қала меншігіне өткелі отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімінің орынбасары тұрғындармен кездесті

Келесі жаңалық

Боранға байланысты жолдар жабылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі