Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Бокстан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

8 февраля, 2022
in Спорт
0
Бокстан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан қаласында бокстан жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Биылғы чемпионат КСРО-ның спорт шебері Марат Пазілбековтің құрметіне арналды. Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен ашылу салтанатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер және спорт бөлімінің басшысы Арман Мырзабаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Байрақты бәсекеге өңіріміздің барлық аймағынан іріктелген 15 команда, 300-ден астам спортшы қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Олар 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыстың бас төрешісі, АIBA-ның халықаралық дəрежедегі төрешісі Дулат Оразбекұлы бұл чемпионатта жас ұландардың шеберлігі артып, ірі додаларға іріктелетінін, бәсекелестік жоғары екенін жеткізді. Сайысты Түркістан облысының Əбдісалан Нұрмаханов атындағы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі ұжымы ұйымдастырды. Облыс біріншілігінде Түркістан, Арыс қалалары мен Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек және өзге де аудандардың өрендері мен облыстық спорт мектептерінің сайыпқырандары шеберліктерінің жоғары екенін дәлелдеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____

Алдыңғы жаңалық

Коронавирус 23 адамнан анықталды

Келесі жаңалық

Біз суды тиімді пайдаланып, мол өнім алудың үлгісін көрсетуіміз керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі