Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте биыл 7 гүлзар салынады

8 февраля, 2022
in Мәдениет
0
Шымкентте биыл 7 гүлзар салынады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының осы жылы атқарылар жобаларымен танысты. Өткен жылдың есебін алып, кемшіліктер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Басқарма басшысының мәліметінше, жасыл белдеуге — 1 267 500 дана, көше бойына – 50 дана, саябақтар мен гүлзарларға – 4 мың дана, А.Асқаров атындағы дендросаябаққа – 15 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. ерекше қорғаудағы Қошқар ата аумағын қайта қалыпқа келтіруге және денросаябақ аумағын авто суару жүйесін орнатуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленетін болады. Одан бөлек, дендрологиялық саябақ аумағын қоршап, макет пен төлқұжат жаңартылады.

Тұрғындардың жайлылығы, қала көркі үшін 7 гүлзар салу жоспарланды: Төменгі Отырар ш/а, Сыра зауытының алды, Нұрсат ш/а №205 және 217-218 көп қабатты тұрғын үй маңында, МЖК Есіл мен Камал көшелерінің аралығы, қала кіреберісіндегі «Кілт» аумағы, Теріскей ш/а арбат салу.

М.Әйтенов қаланың экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқаруды, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды жоюды тапсырды. Қалдықтарды кәдеге жарату үшін, бөлек жинау тәртібін енгізу қажеттігін, егілген ағаштарға күтім мен қорғау шараларын жүргізуді жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Жан басына қаржыландыру мектеп тапшылығын азайтады

Келесі жаңалық

Тозығы жеткен жылу құбырлары жөнделуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі