Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңі іске қосылды

9 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
«QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңі іске қосылды
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты.

Бағдарламаның төртінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған. «Qolda 4.0» байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.

2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр. Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:
1. Экономикалық бағыттағы жобалар;
2. Экологиялық бағыттағы жобалар;
3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан).

Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынантабуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақытыбойынша).
Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады. Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электронды мекен жайларға жіберуіңізді өтінеміз: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org.

Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдарды жобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамыз https://t.me/Qolda_project

Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясы “Qolda” жедел көмек бағдарламасын жүзегеасырып келеді.

Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-199 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу. 2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін «Qolda» Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларын қолдады.

Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамға жетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға иеотбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрын сотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары.

Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді. «Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық АзияныңЕуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық жәнеэкономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуғакөмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстардыжұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өзоперацияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетугежәне дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегіаз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралықосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуғаболады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында тактикалық оқу-жаттығу өтті

Келесі жаңалық

Басқарма басшысы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі