Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қала әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

9 февраля, 2022
in Қоғам
0
Қала әкімі азаматтарды онлайн қабылдады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша  онлайн қабылдады. Тұрғындар сауалдарының басым бөлігі тұрғын үй, жер телімін рәсімдеу, жол, көше жарықтандыруы секілді мәселелерге байланысты.

Қабылдауда болған Құрсай шағын ауданының тұрғыны ирригациялық арықтар мен жарықшамдар қойып беруін сұрады. Оған қала әкімі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, ирригациялық арық жүйесін жүргізу осы жылдың 4 тоқсанында аяқталатынын, ал, көшелерді жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік нысандар көшелерін қамту жоспарланғанын айтып өтті. 

Әрбір азаматтың өтініштері мен шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот арқылы қаралатынын айтып, бағыт-бағдар берсе, баспана сұраған азаматтарға пәтерлер кезек реттілігімен ғана берілетінін жеткізді. Жетекші сала басшыларына өз құзіреттілігі аясында көтерілген мәселелерді шешіп, нәтижесін баяндау жөнінде тапсырма берді. Барлық өтініш-арыздардың орындалуын қала әкімі тікелей өз бақылауына алды.

 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Басқарма басшысы тағайындалды

Келесі жаңалық

Сапалы жолдардың үлесі 87%-ға жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі