Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Заң бәрімізге ортақ

10 февраля, 2022
in Билік
0
Заң бәрімізге ортақ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігіне отызға жуық азамат «Қырғы базар» сыртында сауда жасауға рұқсат бермей жатыр деген шағыммен арызданып келді. Базар сыртында сауда жасап, көнкөрісін қамдап жатқанын айтқан саудагерлер заңсыздықты тоқтатпайтындығын алға тартты.

Тұрғындармен қала әкімі Мұрат Әйтенов кездесіп, мәселелерін тыңдады. Қала әкімі ҚР Заңнамасына сәйкес сауда арнайы белгіленген орындарда жасалуы тиіс екенін айтты. Ретсіз (жайма) сауда орындарының көбеюі қаланың көркін бұзып, гигиеналық және санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына әкеліп, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін түсіндірді. Мәселені оңтайлы шешу мақсатында азаматтарға бірнеше ұсыныс айтты.

— Біріншіден, Қырғы базардың ішінен әлеуметтік қатар ашылатынын, сол жерден 50 азаматқа орталық 6 ай мерзімге ақысыз орын беріледі. Жеңілдік ретінде жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын қарызға алып сату мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл сіздерге айналым қаражатын көбейтуге жол ашады. Аралаңызда жұмысқа қабілетті азаматтарға білімі мен біліктілігіне сәйкес Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардан тұрақты жұмыс орындарын ұсынамыз. Онымен қоса, сенбі-жексенбі күндері тұрақты түрде өтетін жәрмеңкеде сауда жасау мүмкіндігі беруді ұсынамыз, — деді. Мәселені әлі де жан-жақты қарап, заң аясында шешілетінін жеткізді.

Заң алдында бәрі бірдей екенін ескерсек, ретсіз сауда жасаушылар әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілікке тартыла беретін болады. Әл-Фараби ауданы аумағындағы жабайы сауданы реттеу бойынша осы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес, 89 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде, 81 ескерту беріліп, 8 іске 137835 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкент әкімі мектептің құрылысымен танысты

Келесі жаңалық

Жан басына қаржыландыру бюджет қаражатының тиімділігін арттырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі