Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі Отырар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

10 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі Отырар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Отырар және «Айқап Түркістан» шағын аудандарындағы атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындарымен кездесті.

10 мыңға жуық тұрғыны бар аталған шағын аудандар электр, табиғи газ, ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Тек «Айқап Түркістан» шағын ауданындағы кәріз жүйесі 50 пайыздық көрсеткіште. Бұл шағын аудандағы тұрғындардың басым бөлігі жеке секторда тұрады. Көшелерінің 98 пайызы асфальтталған. Биыл Көктас көшесі жарықтандырылатын болса, Жаңағасыр, Көктем, Заман көшелерін жарықтандыруға ұсыныс берілді. Әкіммен кездесуге келген жергілікті тұрғындар кәріз жүйесін толығымен шешіп беруді сұрады.

Ал, Отырар шағын ауданының тұрғындарын аяқжол, тазалық, көп қабатты үйлердің сыртын әрлеу, лифт, жылу жүйесі мәселесі толғандырады. Мұндағы 33 көп қабатты үй толығымен жаңа басқару нысанына өткен.

Қала әкімі жай серіктестік пен үй бірлестіктерін құрудың маңыздылығын түсіндіріп, жөндеу жұмыстары, ауладағы және үйдің кіреберіс тазалығын өз жауапкершіліктеріне алу керектігін жеткізді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Жәнібеков көшесіне қоғамдық көлік қатынауын және аяқжол салу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізуді тапсырды. Өзге де мәселелерді талқылап, қажетті шаралар жасалатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Жан басына қаржыландыру бюджет қаражатының тиімділігін арттырады

Келесі жаңалық

Шалатай мырзахметов жастармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі