Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкент кітапханалары оқырманын күтеді

14 февраля, 2022
in Білім
0
Шымкент кітапханалары  оқырманын күтеді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2022 жылы атқарылатын жұмыстары мен қол жеткізу индикаторлары бойынша қала әкіміне баяндама жасалды.

Басқарма басшысының орынбасары М.Кеуенова биылғы жылы кітапханаға келуші оқырмандар санын 282 762 адамға ұлғайту жоспарланғанын айтып, ол индикаторға қол жеткізу бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

«Өткен жылы 10 кітапханамыз модернизациядан өтті. Биыл 3 кітапхананы өткізу жоспарлануда. Барлық кітапханаларды жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қосылады. Кітап қорын цифрландыру жұмысы жалғаспақ. Сонымен қатар, Әл-Фараби кітапханасына Әл-Фарабидің еңбектерінің, трактаттарының, ноталарының көшірмелерін алу мәселесі қолға алынды. Кітапхана қызметкерлерін әлемдегі Әл-Фараби орталықтары орналасқан елдерге тәжірибе алмасуға жіберу бойынша жұмыстар атқарылатын болады»,-деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Одан бөлек, қала басшысы әрбір елдімекендерге көшпелі қойылымдар ұйымдастыруды тапсырды. Ұлттық идеологиямен сабақтасқан қойылымдардың көркемдік деңгейі мен сапасына көңіл бөле отырып, қала тарихы тақырыбына сай жаңа ұсыныстар керектігін айтып өтті.

Жиын соңында қала әкімі мәдени нысандарға кіріп – шығу тәртібін автоматтандыруды және оның орыналу барысын жіті қадағалауды жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

175 мың адам «pfizer» вакцинасын қабылдады

Келесі жаңалық

Түркістан спортшылары өзбекстаннан табысты оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі