Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Арыста парасат пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті

17 февраля, 2022
in Білім, Мәдениет
0
Арыста парасат пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Арыс қаласындағы «Ардагерлер орталығында» «Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті. Алқалы басқосуда жергілікті халықтың ұсыныстарына қарай өңір басшылары мен тұрғындар тұрақты түрде ашық диалог жүргізіп, ең өзекті проблемаларды талқылап, түсіндіру мен шешу жолдарын қарастырды.
Қалалық «Әжелер алқасы» ұйымының «Әже – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбы аясында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен ардагерлер қауымы, түрлі этнос өкілдері мен кәсіпкерлер, жастар және мектеп қабырғасында білім алатын жасөспірімдер қатысты.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен отырыста алдымен «Әжелер алқасының» белді мүшесі Гүлбахрам Ерімбетова мен зейнеткер ұстаз Злиха Досымбекова және батыр ана, білім саласының үздігі Таңсәуле Қуандықова жастар мен бала тәрбиесі жайында арнайы баяндама жасап, ашық пікір алмасудың негізін қалады. Содан кейін сөз алған шаһар басшысы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, үкімет атқарып жатқан жобалардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы жан-жақты айтылатын осындай басқосуларды апта сайын ұйымдастырып тұруды тапсырды.
«Біздің бұл басқосуымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен ұштасады. Ендігі жерде қаламыздағы өзекті мәселелерді осындай басқосуларда ашық талқылап, халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шешу жолдарын қарастырғанымыз жөн», – деді Гүлжан Құрманбекова.
Осылай деген қала әкімі жиынға қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелерге назар аударды. Сондай-ақ жақын күндері өңірде көшет отырғызу мен көгалдандыру жұмыстары қолға алынатынын атап өтті.
Айта кетейік, аталған шара халықтың, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Келесі отырыста клуб құрамы мен оған басшылық жасау тәртібі пысықталып, жұмысты үйлестіретін клуб хатшылығы бекітілетін болды. Клуб құрамына белсенділер мен қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен түрлі этностардың өкілдері, кәсіпкерлер мен депутаттар, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және жастар кіреді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

«Ашық әкімдік» кеңсесінде медиаторлар тұрғындарға тегін кеңес береді

Келесі жаңалық

«I-kolik»- ке қоғамдық көліктің 90 пайызы берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі