Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

А-2 тас жолының екінші кезеңі аяқталуға жақын

23 февраля, 2022
in Қоғам
0
А-2 тас жолының екінші кезеңі аяқталуға жақын
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкенттегі ірі құрылыс нысандарының бірі – А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолы. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов бүгінгі аралау барысында аталмыш нысанға бырып, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

А-2 тас жолының жалпы ұзындығы 31,6 шақырымды құрайды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жылдарға жоспарланған. Сегіз кезеңнен тұратын құрылыс жұмыстарының бүгінде екінші және төртінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2-кезеңде Ынтымақ шағын ауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралық қамтылған. Ұзындығы 2,5 шақырым. Автомобиль жолының ені 80 метр, 4 жолақты. Жолдың екі жағынан да су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқжол, жарықшамдар қарастырылған. Қазіргі уақытта жер жұмыстары атқарылуда және жұмыс 75% орындалған. Жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Ал, 4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Ұзындығы 1,86 шақырым. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Мұнда да су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар көзделген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 35 пайызы орындалған. Жолды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

М.Әйтенов күре жолды салып жатқан мердігерлермен сөйлесіп, құрылысқа кедергі келтіретін мәселелерді талқылады. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары құрылыс қарқынына кедергі келтіруде екені айтылды. Бұл жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімі жолайрық құрылысын тексерді

Келесі жаңалық

«Оңтүстік» айналма жолы құрлысының барысы пысықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі