Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте төтенше жағдай бойынша штаб отырысы өтті

3 марта, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте төтенше жағдай бойынша штаб отырысы өтті
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда «Көктем–2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. 3-4 наурыз күндері жалғасатын іс-шара көктемгі су тасқының алдын алуға бағытталған.
Осыған орай Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында су тасқынына қарсы іс-шараларды басқару бойынша жедел штаб ұйымдастырылды. Оған құтқарушылардар бөлек қаладағы төрт аудан әкімдігі, түрлі басқармалардың өкілдері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, денсаулық сақтау, әскери бөлімдердің қызметкерлері, «Қазгидромет», «ҚазТрансГаз» секілді компаниялардың мамандары қатысты.
– Оқу-жаттығу сценариі бойынша 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні жауған қатты нөсер жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Бадам өзені тасып, арнаның бағыты күрт өзгеруі мүмкін. Еңбекші ауданына қарасты Жыланбұзған елді мекеніндегі үйлерді су басу қаупі туралы ақпарат келіп түседі. Осыған орай бүгінгі жаттығу барысында оқиға орнына өрт-құтқару бөлімшелерінен 11 маман және 2 техника жіберіледі. Жұмылған жұмыстың нәтижесінде қауіптің алдын аламыз, – дейді қалалық ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев.
Айта кетейік, оқу-жаттығу штабы су тасқыны жағдайы туралы деректерге талдау жүргізеді және қаланың басқару органдарын, қалалық азаматтық қорғау қызметтерін, күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру жоспары іс-шараларының орындалуына бақылау жасайды.

Алдыңғы жаңалық

Игілік тұрғыналабы сапалы электрмен толық қамтылды

Келесі жаңалық

Жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі