Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Тілеухан мен Тазабек тергеле ме? –

15 марта, 2022
in Cаясат, Қоғам
0
Тілеухан мен Тазабек тергеле ме? –
0
SHARES
59
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокурор жауабы

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына ҚР Бас прокуроры, Ішкі істер министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы және Қорғаныс министрі секілді құзырлы орган басшылары келіп, Қаңтар көтерілісіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлады saraptimes.kz turkystan.kz -ке сілтеме жасап.

Алайда «Кім мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды? Қаза тапқандардың аты-жөні қашан жарияланады? Сатыбалдының сыбайластары ұсталуы мүмкін бе?» деген ең маңызды сұрақтар жауапсыз қалды.

– Қайрат Сатыбалдының қаңтар бүлігіне қатысы бар ма?

– Әзірге ешқандай қатысы жоқ.

– Билікті басып алғысы келгендер қалталы адамдар екені белгілі ғой. Кімдер болуы мүмкін?

– Бұл сұрақтың бәрі қарастырылып жатыр. Кім ұйымдастырғанын айтуға әлі ерте.

– «Радикалды діни ұйым мүшелерін арнайы дайындаған» деген рас па?

– Қазір ондай мәселені толық айта алмаймын. Ондай мәселе туындаған. Бірақ қарастырып жатырмыз. Турасын кейін айтамын.

– Салафизмге тыйым салына ма? Мәселен, осы ағымға қатысы бар делінетін Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек сияқты азаматтарға қандай да бір шара қолданылуы мүмкін бе?

– Осы айтып отырған сұрақтар қаңтар оқиғасына байланысты туындап тұрған жоқ.

– Қаңтар оқиғасына теріс діни ағымдардың қатысы бар екені айтылды ғой…

– Діни өкілдердің әсері бар. Бірақ сіз айтып отырған адамдар қарастырылып отырған жоқ.

– Азаматтарды азаптады делінген 334 полицияның мәселесі қалай болып жатыр? 243 іс бойынша 9 адам ұсталды дедіңіз…

– Қазір олардың бәрі зерттеліп жатыр.

– Азамат Батырбаевты азаптаған, арқасына үтік басқан адамдар ұсталды ма?

– Ұсталды. Тура сол азаматтың ісі бойынша Алматы облысында бір полиция қызметкері ұсталды.

– Қаңтар оқиғасына қатысып, қаза тапқан азаматтарға эксгумация жасалды. Одан қандай да бір пайда болды ма?

– Әрине, пайдасы бар. Эксгумация не үшін жасалып отыр? Ол адамдардың неден жарақат алғанын, қандай да бір іске дәлел болуы үшін эксгумация алынады. Қателеспесем, 37 адамға жасалған болуы керек.

– Семейде тергеліп жатқан кезде үш күдікті азамат қаза тапты. Олардың өліміне себепкер болған полиция қызметкерлері ұсталды ма?

– Қазір іс қозғалып, тергеліп жатыр. Ұсталған-ұсталмағанын нақты айта алмаймын. Қазір сіздердің мына әрекеттеріңіз (журналистердің өзін қыспаққа алуын айтады, – ред.) дұрыс емес. Пресс-конференция жасаймын, сұрақтарыңызды баппен бөліп, қарастырамыз.

– Нақты қай күні пресс-конферения өткізесіз?

– Сұрақтарыңыздың бәрін беріңіз. Біз оны қарастырайық. Оның бәрі сұраққа, жұмысқа байланысты.

Алдыңғы жаңалық

Биыл Көкбұлақ тұрғын алабы табиғи газбен қамтылды

Келесі жаңалық

№1 қалалық клиникада 24-ші бауыр трансплантациясы сәтті өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі