Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Қоғамдық кеңеске үміткерлер әңгімелесу рәсімінен өтті

16 марта, 2022
in Cаясат
0
Қоғамдық кеңеске үміткерлер әңгімелесу рәсімінен өтті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Қоғамдық кеңестер туралы заңы және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен үлгілік ережеге сай Шымкент қалалық мәслихаты құрған жұмысшы тобы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.
Осы талапқа сәйкес «Әл-Фараби» атындағы қалалық әмбебап-ғылыми кітапханасында жұмысшы тобының қоғамдық кеңеске үміткерлермен әңгімелесу рәсімі өтті.
– Жұмысшы тобы біраз іс атқарды. Хабарландырулар берді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын анықтады. Бүгінгі таңда оның мүшелігіне 69 өтініш келіп түсті. Оның 32-сі қоғамдық ұйымдардан болса, 37-сі жеке азаматтардан түскен. Қоғамдық кеңес ережелерінің талаптарына сәйкес үміткерлермен әңгімелесу өткізіледі. Онда барлық үміткерлерге бірдей сұрақтар беріледі. Сол сұрақтардың жауаптары және қосымша келіп түскен құжаттар бағаланады. Соңында жиынтық балл қойылады. Сол ескеріле отырып, ашық дауыс беру арқылы қоғамдық кеңестің тізімі анықталады, — деді жұмысшы тобының төрағасы Әмірдин Әлішев.
Анықталған тізім Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясында бекітіледі. Республикалық уәкілетті органның берген ұсынысына сәйкес, қоғамдық кеңес құрамында 29 адам болу керек. Биыл 29 наурызда бұрынғы қоғамдық кеңестің уәкілеттігі аяқталады. Қалыптасқан жаңа қоғамдық кеңес бекітілген соң 3 жұмыс күні ішінде БАҚ-та және қалалық мәслихаттың интернет ресурсында жарияланады.

Алдыңғы жаңалық

Президенттің саяси реформалар жөніндегі бағдарламалар

Келесі жаңалық

Шымкентте оныншы оңалту орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі