Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте биыл 16 мектеп пайдануға берілді

16 марта, 2022
in Білім
0
Шымкентте биыл 16 мектеп пайдануға берілді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл 25 мың бала жан басына қаржалындыру жобасы шеңберінде қосымша біліммен қамтылады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева @akimat_shymkent инстаграм парақшасындағы тікелей эфирде мәлімдеді.
Үйірмемен қамтылатын 14 мың оқушы спорт, 6 мың бала мәдениет пен өнер, 5 мыңға жуық оқушы білім басқармасы тарапынан қосымша білімге бағытталады.
Одан бөлек, 11 қосымша білім беру ұйымдары мен 17 аула клубы және мектепішілік түрлі үйірмелерде оқушылардың 73,4% (181 253 оқушы) қосымша біліммен қамтылған.
Басқарма басшысы өткен жылғы білім инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарды баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті. 2021 жылы 25 мектеп қолданысқа беріліп, қаладағы мектеп саны 203-ке жетті(152 мемлекеттік мектеп). Биыл тағы 16 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке төмендейді.
2021 жылы 1 мектеп, 2 балабақша мен 1 колледж күрделі жөндеуден өткен. Биыл 5 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмысы жасалады. Олар: №11, 50, 107 мектеп пен № 3 балалар үйі және қосалқы мектеп-интернаты.
Былтыр 28 мектептің ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылып, биыл №33, 53, 135 және №136 мектепке спорт алаңын орнату жоспарлануда.
Қаладағы білім беру ұйымдарына бейнебақылау жүйелері 100% қамтылған, барлық мектеп кіреберістеріне турникет қойылды. Сонымен қатар, мектептерге толығымен дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.
Эфир барысында Ж.Тәжиеваға тұрғындардан 70-ке жуық сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі оқушылдардың тамақтануы, бала-бақша төлемдері және қосымша үйірмелер төңірегінде болды. Басқарма басшысы барлық сұрақтарға жекелей жауап берді.

Алдыңғы жаңалық

Көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі