Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «наурыз-думан» мерекелік шарасы өтті

22 марта, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте «наурыз-думан» мерекелік шарасы өтті
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ШЫМКЕНТТЕ «НАУРЫЗ-ДУМАН» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін «Шымқала» этноауыл тарихи кешенінде «Наурыз-Думан» мерекесі бастау алды. Этноауыл қазақы дәстүрге сай безендіріліп, киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді.

Мерекелік іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, барша тұрғындарды Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады.

— Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ғасырлар қойнауынан жеткен Ұлыстың ұлы күні, жыл басы – табиғаттың ғана емес, адамзат рухының да жаңаруының белгісі. Бұл мейрам баршамызды бірлік пен татулыққа шақырып, ортақ іске жұмылдырады. Наурыз – Шымкенттен бастау алады деуге болады. Дәстүрлі мерекемізге басымдық беру мақсатында наурыз айының әрбір күнін ерекше атап өтуді қолға алдық. Осылайша ұлттық қазынамыз бен тарихи құндылықтарымыз, халқымыздың салт-дәстүрі дәріптелуде. Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!- деп тілегін жеткізді.

Сонымен бірге, ұлттық мерекеде кішкентай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ жол тіледі.

Биыл Шымкентте он күндік іс-шара Көрісу, Жайлау, Шежіре, Тарихқа тағзым, Игі істер, Шымырлық пен шеберлік, Nauryz Fashion Day, Зияткерлік, Ұлттық тағамдар фестивалі, Гастроном Fest, Ұлыстың ұлы күні және Жоралғы күні деген атаулармен өтуде. Этноауылда басталған Наурыз думан арықарай «Әл-фараби» алаңында жалғасады. Қала аумағында бұдан бөлек саябақтар, орталықтарда наурыз мерекесі тойлануда.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте наурыздағы ұлттық тағамдар фестивалінде ұзындығы 30 метрлік қазы дайындалды

Келесі жаңалық

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі