Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкенттік дәрігерлер тумысынан ауыр дертке шалдыққан балаға күрделі ота жасады

29 марта, 2022
in Денсаулық
0
Шымкенттік дәрігерлер тумысынан ауыр дертке шалдыққан балаға күрделі ота жасады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлерлері алғаш рет жүрек ақауына шалдыққан науқас балаға күрделі ота жасады. Білікті мамандар ангиограф аппаратын қолдана отырып, жүрекке тіліксіз операция жасаған.

Тумысынан ауыр дертке шалдыққан 4 жасар қыз баласы қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ауыр жағдайда түскен науқаста ентікпе-көгеру, дем жетіспеушілігінінің жиілігі сынды шағымдар болған. Пациенттің жағдайы бойынша дәрігерлер консилиум жасап, жедел түрде интервенциялық кардиология, ангиохирургия бөлімшесіне жатқызады. Диагностикалық зерттеулер барысында туа бітті пайда болған ақау жүректен шығатын магистральды тамыр – өкпе артериясы қақпақшасының тарылуынан туындағаны анықталды.

Балақайдың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер интервенциялық эндоваскулярлы әдіспен транслюмминальды баллонды вальвулопластика ота жасады.

Дәрігерлер операцияның сәтті өткенін мәлімдеді. Отадан кейін науқас бала бөлімшеге ауыстырылған. Қазіргі жағдайы жақсы.

– Бұл ақау туа бітті пайда болады, егер ота жасамаса, ентікпе-көгеру белгілері күшейіп, бала шетінеп кетуі мүмкін. Операция кезінде жүрек қақпақшасын жабық түрде кеңейттік. Яғни, баллонды вальвулопластика жасадық. Операция сәтті өтті. 23-наурыз күні пациентті үйіне шығардық”– дейді кардиология, ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Олжас Шынтасов.

@pediatria.kz
@healthcare.gov.kz
@murat__aitenov

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте Сәкен Сыбанбайдың «ғаламтордағы махаббат» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Келесі жаңалық

"275 Орам" да биыл 4 көшеге асфальт төселеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі