Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Балық аулаған браконьерлер ұсталды

24 апреля, 2020
in Қоғам
0
Түркістан: Балық аулаған браконьерлер ұсталды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Заңсыз балық аулағандардың аш болмағаны анық. Сатып пайда табуды көздеген Шардара ауданының екі тұрғынын Созақ аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау учаскелік инспекторлары құрықтады. Заңсыз аулап, оны тасымалдаумен айналысқан күдіктілер «Мерседес-бенц» автокөлігіне тиеген 6 центнерге жуық балық тәркіленген.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» дерегі бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Браконьерлік пен заңсыз балық аулаудың тағы бір дерегі Ордабасы ауданында анықталды. Кешкілік рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Бөген көлінде балық аулаумен айналысқан браконьерді ұстады. Ол қайық пен электрлі құрал-жабдықтармен заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақ зат ретінде бір қап балық тәркіленді. Тәртіп бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттік ғалымдар антисептикалық спрей шығарды

Келесі жаңалық

САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАР АҒЫНСУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі