Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Пікір

Ирригациялық жүйелер мәселесі талқыланды

1 апреля, 2022
in Пікір, Экономика, Қоғам
0
Ирригациялық жүйелер мәселесі талқыланды
0
SHARES
169
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполисте ирригациялық жүйелердің маңызды мәселе екені белгілі.

Бұл жүйедегі жетіспеушілік пен олқылықтар ескеріле отырып, шешім жолдарын қарастыру мақсатында шаһар басшысының бастамасымен құрылған жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті.

Жиында ирригациялық жүйені қажет ететін 150 нүктенің әрбірі зерделеніп, жан-жақты шешу жолдары баяндалды.

Су басу қаупі бар нүктелердің басым бөлігі мегаполиске жаңадан қосылған елдімекендер екендігін айта кеткен жөн. Себебі онда ирригациялық арықтар осыған дейін мүлде қарастырылмаған.

Ирригацияның болмауы, ескіруі немесе кезінде жекеменшікке өтумен бірге жойылған бұл жүйедегі кемшіліктердің салдарын, көктем мен күз маусымдарында қала тұрғындары көруде.

Жаңбыр суының жиналуы, өзендердің тасуы тұрғындар тіршілігіне кері әсерін тигізетінін айтқан қала басшысы өзекті мәселені жан-жақты әлі де зерделеу қажеттігін айтты.

— Анықталған орындардың арнайы жобасы дайындалып, ирригациялық желіні бір жүйеге келтіру үшін концепция жасау керек. Сол бағыттағы жұмысты жандандыру аса маңызды. Әрбір нүктенің техникалық құжаттарын жасап барып, ретке келтіру содан кейін басталады. Қажетті орындарға су жинағыш шұңқыр да орналастыруға болады. Осының бәрін зерделеп, келесі отырысқа дейін ұсыныңыздар. Арық-атыздардың қоқыстан үнемі тазартылып отыруына да көңіл бөлген жөн, — деп аудан әкімдері мен сала басшыларына мәселені терең саралап, жоспарға сай жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімі «металлург» стадионының құрлыс барысын тексерді

Келесі жаңалық

Головкин — Мурата жекпе-жекгінде «суперчемпион» алатын гонорары белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі