Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қала әкімінің орынбасары азаматтарды әлеуметтік мәселелері бойынша қабылдады

1 апреля, 2022
in Әлеумет
0
Қала әкімінің орынбасары азаматтарды әлеуметтік мәселелері бойынша қабылдады
0
SHARES
144
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бүгін азаматтарды әлеуметтік мәселелері бойынша онлайн режимде жеке қабылдадады. Қабылдауда негізінен мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ тұрғын үймен қамту жөнінде шағымдар айтылды. Қала басшысының орынбасары халықты толғандырған өзекті мәселелердің шешімін қарастырып, оларға заң аясында кеңес берді.

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда Шымкент қаласында 36 537 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген болса, оның 6418-і 18 жасқа дейінгі балалар. Қалада орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы әлеуметтік оңалту және емдік шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға арнайы жабдықталған «Инватакси» және Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» қызмет көрсетеді.

Қала әкімінің орынбасары қабылдау барысында азаматтардың өтініш-тілектеріне сай тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктеп, әр азаматтың мәселесі бақылауға алынатындығын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Білісбеков жетекшілік ететін басқармалар тізімі өзгергенін де айта кету қажет. Ерғали Дәулетбекұлы қазіргі таңда тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, қалалық орта сапасы және бақылау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік сатып алу, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармаларына жетекшілік етеді.

Алдыңғы жаңалық

Халықаралық құстар күніне орай балалар сайысы өтті

Келесі жаңалық

Шардарада өткен ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі