Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әл-Фараби ауданы тұрғындарының мәселесі тыңдалды

5 апреля, 2022
in Қоғам
0
Әл-Фараби ауданы тұрғындарының мәселесі тыңдалды
0
SHARES
110
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі бүгінгі кездесуді Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен өткізді. Кездесуге Наурыз, Ақжайық, Самал-2, Спорт, Отырар, Айқап-Түркістан, шағын ауданы мен «Су Ресурстары Маркетингі» аумағы, Қонаев даңғылы, Байтұрсынов, Қазыбек би, Дулати, Диваев көшелерінің 400-ге жуық тұрғыны келді.

Есепті кездесуге мәслихат хатшылары мен жауапты сала басшылары да қатысты. Мегаполис әкімі М.Әйтенов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауданның даму бағытын баяндады. Жыл басынан бері М.Әйтенов ауданды аралау барысында 22 мәселе анықталған. Бүгінде оның 9-ы шешіліп, 13 мәселе орындалу барысында.

Аталған аумақ, яғни аудандағы 1-2 сектор 5 мың гектар аумақта орналасқан. Онда 70 мың халық тұрады. 4 аурухана, 7 мектеп, 22 бала-бақша, 65 аула, 16 спорт алаңшасы бар. Электр, ауыз су, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Мұндағы тұрғындарды кәріз жүйесі, көшелерінің қиылысын кеңейту, ретсіз құрылыс секілді мәселелер толғандырады. Кездесуге келгендер осы бағытта сұрақтарын қойды.

Шаһар басшысы әрбір сұраққа жеке жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Мұндай есепті кездесу әр тоқсан сайын өтетінін және барлық мәселе ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Келесі жаңалық

Әл-Фарабиде 2024 жылға дейін 16 көше асфальттанады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі