Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Үйдің шатырына ұялы байланыс антеннасын орнатуға ешкім кедергі жасай алмайды

6 апреля, 2022
in Uncategorized, Пікір, Қоғам
0
Үйдің шатырына ұялы байланыс антеннасын орнатуға ешкім кедергі жасай алмайды
0
SHARES
168
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстанда ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орнатуға қарсылық білдіруге қатысты заңға өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Журналистерге берген сұхбатында министр астанада ұялы байланыс станцияларын орнатуға қарсылық білдіру оқиғаларының болғанын еске салды. Сол кезде тұрғын үй кешені мен элиталық қалашықтардың тұрғындары наразылық білдіріп, ұялы байланыс станцияларын орнатқызбай қойды.
Барлығы антеннадан шығатын сәулелер денсаулыққа зиян келтіреді деп қорқады.
«Базалық станциялар бойынша проблем бар. Тұрғындар ондай қондырғыларды орнатуды қаламайды. Ал заң бойынша тұрғындардың бір бөлігі қарсы болса, операторлар станцияны бұзып, алып кетуге міндетті. Қазіргі кезде олар тиісті норманы заңға енгізуді сұрап отыр. Біз оны пысықтап жатырмыз. Депутаттармен ақылдасып, тиісті заң жобасын қарауға енгізетін боламыз», — дейді Мусин.
Осы орайда министр биыл байланыс саласына арналған заңнамаға бірқатар өзгерістердің енгзілетінін жеткізді. Соның арқасында телекоммуникациялық қызметтердің сапасы жақсаруы керек.
Жылдамдықты тексеру жұмысын жетілдіру жоспарланған.
Бұдан бөлек, ұялы операторларды ауылдар мен қала маңындағы елді мекендерді байланыс сапасын жақсартуға ынталандыру тетіктері енгізіледі.
Парламент қолдаса, барлық өзгеріс биыл қабылданады.
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін өседі

Келесі жаңалық

Шымкент: 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік тапсырыстың 87,5% техникалық мамандықтарға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі